аптасына жеті күн
RUQZ
Тіл:
RU QZ
аптасына жеті күн
Дүй-бі-Жек-бі: 09:00 - 21:00
Тәулік бойы микрокредит беру

Қаржылық сауаттылық

Қаржылық сауаттылық — жауапты қарыз алудың негізі

Қаржылық сауаттылық микрокредит ресімдеу кезінде саналы шешім қабылдауға, өз қаржылық мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауға және шамадан тыс борыштық жүктемеден сақтануға көмектеседі.

Микрокредит ресімдемес бұрын шарт талаптарымен мұқият танысуға, кірістеріңіз бен шығыстарыңызды бағалауға, сондай-ақ өз міндеттемелеріңізді уақытылы орындай алатыныңызға көз жеткізуге кеңес береміз.


Микрокредит дегеніміз не

Микрокредит — бұл микрокаржы ұйымы қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық талаптарымен ұсынатын ақша қаражаты.

Микрокредит келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:

  • шұғыл шығындарды төлеу қажет болғанда;
  • қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін;
  • уақытша қаржылық қиындықтарды шешу үшін.

Сонымен қатар, микрокредитті тек оны шартта белгіленген мерзімде қайтара алатыныңызға сенімді болған жағдайда ғана пайдалану ұсынылады.


Жауапты шешімді қалай қабылдау керек

Микрокредит ресімдемес бұрын өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз:

  • Маған дәл қазір қарыз алу шынымен қажет пе?
  • Мен қарыз сомасын уақытылы қайтара аламын ба?
  • Бұл қарыз менің қаржылық жүктемемді шамадан тыс арттырмай ма?
  • Мен шарттың барлық талаптарымен таныстым ба?

Егер бұл сіздің қаржылық жағдайыңызды нашарлатуы мүмкін болса, қолданыстағы берешекті өтеу үшін жаңа қарыз рәсімдеу ұсынылмайды.


Микрокредиттің құны қалай қалыптасады

Микрокредитті ресімдемес бұрын қайтарылатын соманың қалай қалыптасатынын түсіну маңызды.

Негізгі параметрлер:

Микрокредит сомасы — ұйым ұсынатын ақша қаражаты.

Микрокредит мерзімі — қарыз алушы микрокредитті қайтаруға міндетті кезең.

Сыйақы — шарт талаптарына сәйкес есептелетін микрокредитті пайдаланғаны үшін төлем.

ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) — Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін микрокредиттің толық құнын көрсететін көрсеткіш. Ол әртүрлі қаржы өнімдерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.

Шартқа қол қоймас бұрын төмендегілермен мұқият танысыңыз:

  • микрокредит сомасымен;
  • мерзімімен;
  • төлемдердің мөлшерімен;
  • қайтарылатын жалпы сомамен;
  • ЖТСМ мөлшерімен.


Қаржылық қиындықтар туындаса не істеу керек

Егер шарт бойынша міндеттемелеріңізді уақытылы орындай алмайтыныңызды түсінсеңіз:

  • мәселені шешуді кейінге қалдырмаңыз;
  • мүмкіндігінше ертерек микрокаржы ұйымына хабарласыңыз;
  • туындаған жағдайлар туралы хабарлаңыз;
  • егер заңнамада және ұйымның ішкі рәсімдерінде көзделсе, берешекті реттеудің мүмкін нұсқалары туралы біліңіз.

Қарыз алушы компанияға неғұрлым ертерек жүгінсе, соғұрлым қолайлы шешім табу мүмкіндігі жоғары болады.


Алаяқтардан қалай қорғануға болады

Ақша қаражатыңыз бен дербес деректеріңізді қорғау үшін:

  • SMS арқылы келген растау кодтарын үшінші тұлғаларға хабарламаңыз;
  • мобильді қосымшадағы логиндерді, құпиясөздерді және кодтарды ешкімге бермеңіз;
  • деректерді енгізер алдында сайттың мекенжайын тексеріңіз;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
  • компанияның тек ресми байланыс арналары арқылы әрекет етіңіз;
  • бейтаныс адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз.

Егер алаяқтық әрекеттерге күмәндансаңыз, дереу компанияның қолдау қызметіне хабарласыңыз.


Қарыз алушының құқықтары

Қарыз алушының құқығы бар:

  • микрокредиттің талаптары туралы толық әрі нақты ақпарат алуға;
  • шартқа қол қоймас бұрын онымен танысуға;
  • берешек мөлшері туралы ақпарат алуға;
  • микрокаржы ұйымына өтініштер мен шағымдар жолдауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құқықтарын қорғауға.


Қарыз алушының міндеттері

Қарыз алушы міндетті:

  • микрокредит ресімдеу кезінде дұрыс мәліметтер ұсынуға;
  • шарт талаптарын сақтауға;
  • микрокредитті және сыйақыны уақытылы өтеуге;
  • егер шартта көзделсе, байланыс деректерінің өзгеруі туралы ұйымға хабарлауға.


Жиі қойылатын сұрақтар

ЖТСМ дегеніміз не?
ЖТСМ — жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі. Ол микрокредиттің жылдық толық құнын көрсетеді және заңнамада белгіленген бірыңғай әдістеме бойынша есептеледі.

Микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?
Иә. Мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі мен тәртібі шарт талаптарымен және заңнама талаптарымен айқындалады.

Төлемді уақытында енгізбесем не болады?
Шарт талаптары бұзылған жағдайда мерзімі өткен берешек туындауы мүмкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және микрокредит шартында көзделген өзге де салдарлар орын алады.

Берешек сомасын қайдан білуге болады?
Берешек туралы ақпаратты жеке кабинеттен немесе компанияның қолдау қызметіне хабарласу арқылы алуға болады.

Телефон нөмірім өзгерсе не істеуім керек?
Байланыс деректерінің өзгергені туралы мүмкіндігінше тезірек микрокаржы ұйымына хабарлау қажет.

Ресми сайтта екенімді қалай тексеруге болады?
Браузердегі сайттың мекенжайын тексеріңіз және күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз.

Егер маған растау кодын сұраған хабарлама келсе не істеуім керек?
Кодты ешкімге хабарламаңыз. Микрокаржы ұйымының қызметкерлері ешқашан SMS-кодтарды, құпиясөздерді немесе жеке кабинетке қол жеткізуге мүмкіндік беретін өзге де деректерді сұрамайды.


Пайдалы материалдар

Қосымша ақпарат алу үшін Fingramota.kz қаржылық сауаттылық жөніндегі мемлекеттік порталдың материалдарымен танысуға кеңес береміз.

Сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы пайдалы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтынан таба аласыз.